Қытаймен сауда-саттық артады

Сапар барысында жоғары деңгейдегі екі жақты кездесулер өткізу жоспарланып отыр. Сондай-ақ екі ел арасындағы жан-жақты стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайту мәселелері талқыланады. Ертең Астанада аймақтағы мемлекеттер басшыларының қатысуымен екінші «Орталық Азия – Қытай» саммиті өтеді. Сарапшылардың пікірінше, соңғы 30 жылда- Қытай мен Орталық Азия елдері арасындағы тауар айналымы- 100 есе артқан. Былтыр, сауда-саттық көлемі — 94,8 млрд долларға жеткен. Бұл рекордтық көрсеткіш. Демек, Астанада өтетін бұл жолғы саммитте Қазақстан мен Қытайдың арасында маңызды келісімдер жасалады деген болжам бар.
———————————————