Израиль мен Иран арасындағы қақтығыстың басталғанына төртінші күн. Содан бері Ислам республикасында 244 адам қайтыс болған. Олардың 90 пайыздан астамы бейбіт тұрғын. Жараланғандар 380-нен асады. Ал еврей елінде Иранның әуе соққысынан 287 азаматтың зардап шеккені белгілі. Қақтығыстың шиеленісуіне байланысты жуырда АҚШ президенті Дональд Трамп мәлімдеме жасап, екі ел арасындағы текетіресті саяси жолмен реттеуге ниетті екенін айтты. Бітімге келудің бір жолы ретінде сауда мүмкіндігін ұсынды. Қазір аймақтағы ахуалға байланысты бірқатар бағыт бойынша әуе қатынасына өзгеріс енгізілді. Бұл қазақстандық әуе рейстеріне де қатысты.
Айта кетейік, Сыртқы істер министрлігінің мәліметі бойынша, бүгінде Иранда – 132, Израильде 219 отандасымыз жүр. Зардап шеккендер жоқ. Бәрімен еліміздің консулдық бөлімі үнемі байланыста.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.