Бүлінген көлікті кім жөндейді? Қарағандыда газ құбырын жөндеу-тексеру кезінде жарылыс болды. Зардап шеккендер жоқ. Бірақ маңайда тұрған бірнеше көлікке зақым келген. Кейбірінің терезелері шытынап кеткен. Оқиғаны бейнежазбаға түсіріп алған куәгерлер әлеуметтік желіде жариялады. «Қазір бұл жайт жіті тексеріліп жатыр. Мән-жайы анықталған соң, жария етіледі», — дейді жергілікті билік өкілдері.
МҰРАТ ҚАМАЛИЕВ – ҮЙ ҚАТЫНАСТАРЫ БӨЛІМІ ММ БАСШЫСЫ:
— Бізде қазіргі кезенде газ жоқ, тек орысша айтқанда «пуско-наладочный» жұмыстар жүріп жатыр. Көліктерге тас тиді деп көрсетіп жатты ғой, оның бәрін сол кезде мердігер келіп, қожайынымен сөйлесіп, келтірген шығынның орнын толтырды, ешкімде қазір ешқандай сұрақ жоқ.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.