Қостанай облысында заңсыз шығарылған актив есебінен су құбырлары тартылатын болды. Өңірді сумен қамту жүйесіне 5,4 миллиардтан астам теңге бөлінді. Басты нысандардың бірі — Тобыл қаласы. Қазір мұнда- орталықтандырылған сумен қамту жүйесі тұрғындардың 88%-ын қамтиды. Халықты толық сумен қамтамасыз ету үшін 100 шақырымнан астам жаңа желі тартылады. Бұл мақсатқа 1,4 миллиард теңге бөлінген.
Жобаның тағы бір маңызды бағыты — Арқалық қаласы. Мұнда 872 миллион теңге инвестиция салынды. Сол арқылы таза ауыз суға қолжетімділік 100 пайызға жеткізілмек. Жұмыстар биыл жыл соңына дейін аяқталуы тиіс. Қарабалық, Денисов, Қостанай, Фёдоров аудандары, Бейімбет Майлин ауданы мен Молодёжный кентінде де су құбырын тартуға 3 миллиард теңгеден астам қаражат бағытталды.
АХМАТ МҰҚҰБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ПРОКУРАТУРА БАСҚАРМАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
– Жалпы 279 шақырым су құбыры іске қосылады, бұл 55 мың тұрғынды сапалы ауыз сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бұдан бөлек, Жітіқара ауданында емхананың ғимараты қайта жаңғыртылады. Құрылыс жұмыстары мен қаражаттың жұмсалуы Қостанай облысы прокуратурасының бақылауында.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.