Еліміз бойынша екі аптада 18 адам суға кеткен

Елордаға Қытай басшысы Си Цзиньпин ресми сапармен келді. Қасым-Жомарт Тоқаев көрші елдің басшысын халықаралық әуежайдан өзі қарсы алды. Ал Қарағандыда оқыс оқиға болды. Газ құбыры жарылды. Шығыс Қазақстан облысында құтқарушылардың қырағылығын артырар кезі басталды.
Бүгін ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин ресми сапармен Астанаға келді. Оның шеңберінде жоғары деңгейдегі екіжақты кездесулер өткізу жоспарланған. Сондай-ақ екі ел арасындағы жан-жақты стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайту мәселелері талқыланады.

Қарағандыда газ құбырын тексеру кезінде жарылыс болды. Зардап шеккендер жоқ. Бірақ маңайда тұрған бірнеше көлікке зақым келді.

Шығыс Қазақстан облысында шомылу маусымының басталуына байланысты құтқарушылардың жұмысы қауырт. Қайғылы оқиғаларда да жоқ емес. Екі аптада 18 адам суға батып кеткен. Марқұмдардың дені тыйым салынған жерлерде шомылған.
———————————————