Қарағандыда газ құбыры жарылып, көліктерді зақымдады | 16.06.2025

Жүргізуші: Оксана Петерс — https://www.instagram.com/oksana_peters_tv

ГАЗ ЖАРЫЛДЫ
Бүлінген көлікті кім жөндейді? Қарағандыда газ құбырын тексеру кезінде, жарылыс болды. Зардап шеккендер жоқ. Бірақ маңайда тұрған бірнеше көлікке зақым келді.

СУҒА БАТТЫ
Жастар суға кетіп жатыр. Қарағандыда бір жасөспірім, ал Өскеменде бір студент суға батып кетті. Бұған ең алдымен белгіленбеген жерде шомылу және құтқарушы тапшылығы себеп, — дейді мамандар.

ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ УАҒДАЛАСТЫҚ
Қазақстандағы алғашқы АЭС-ті төрт ел бірлесіп салатын болды. Бүгін Астанада энергетикалық форум басталды. Онда бірқатар маңызды келісім жасалады деген болжам бар.

ҚАРЫМТА ШАБУЫЛ
Таяу Шығыста әуе шабуылы жалғасуда. Жағдай ушыға бастады. Бәрінен бұрын бейбіт тұрғындар зардап шегіп жатыр. Қазақстан тарапы Израйльде жедел желі ашып, Ирандағы отандастарымызды елге эвакуациялады.

ШЕБЕРЛЕР ШАҺАРЫ
Ағаштан түйін түйген. Шымкентке әлемнің әр түкпірінен хас шеберлер жиналды. Олар халықаралық фестивальге қатысып, қаймана жұртқа ғажап туындыларын ұсынды.
———————————————