Қазақстандықтардың дербес дерегін көпке жария еткен кім? Азаматтардың аты-жөнімен бірге 16 млн жазбасы желіге тараған. Мұны кибершабуылды талдау және зерттеу орталығы растап отыр. «Қазақстан тұрғындары 2024» деген бейресми атауға ие мәлімет базасын тоқтату мүмкін бе?
16 млн қазақстандықтың дербес дерегі желіде рұқсатсыз тараған. Азаматтардың толық аты–жөні ғана емес, жеке сәйкестендіру нөмірі, тұрғылықты жері, телефоны, мекенжайы және басқа да ақпарат интернетте жарияланған.
ҚАБИ БЕКАРЫС, КИБЕР ШАБУЫЛДАРДЫ ТТО ЖОБА ЖЕКТЕКШІСІ:
— Алаяқтар бұл деректі шабуыл жасауға қолдануы мүмкін. Яғни сіздің жеке дерегіңізді біліп, олар таргетті түрде сізді көздеп, арнайы шабуылдар жасайды. Техникалық ақау кезінде жеке деректерді шығарып алуы мүмкін. Екінші себеп – адами фактор, бір ұйымда жасайтын адам арқылы деректерді шығарып алуы мүмкін.
Жеке мәліметтердің қандай ақпарат көздерінен алынғаны әзірге белгсіз. Ақпараттық қауіпсіздік комитеті тексерісті бастады. Таралған деректер жеке компаниялардың, микро қаржы ұйымдарынан алынуы мүмкін. Себебі бұған дейін осындай жағдай болған. Ал мемлекеттік органдардың базасына хакерлер шабуылдамағанын алға тартады мамандар.
НҰРБОЛ МҰҚАШЕВ, АҚПАРАТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІК КОМИТЕТІНІҢ БАСҚАРМА БАСШЫСЫ:
— Мемлекеттік ақпараттық жүйелерден дербес деректердің таралуы немесе хакерлік шабуылдар тіркелген жоқ. Тексеру толық аяқталғанға дейін қандай да бір қорытынды жасау ерте. Егер азаматтың дербес деректері тараған мәліметтер арасында болса, ол туралы электронды үкімет порталы (eGov) арқылы жеке кабинетіне хабарлама жолданады екен.
Иә, алаяқтар қазір кез келген мүмкіндікті қылмыстық мақсатта пайдалана алады. Ал таралып кеткен деректер олар үшін оңай олжа болуы мүмкін. Бұқара бұған алаңдаулы.
Ал дербес деректердің таралғаны туралы ақпаратты ЕGov Mobile арқылы білуге болады. Биыл Қосымшада Nomad Guard сервисі іске қосылды. Оның көмегімен жеке мәліметтердің қауіпсіздігін тексере аласыз.
ИНАРА БАРСАҚБАЕВА – ТІЛШІ:
— Бұл келеңсіздіктен кейін, енді алаяқтардың белсенділігі де артуы әбден мүмкін. Сақтықта, қорлық жоқ. Мамандар түрлі күдікті нөмірлерге мән беріп, тұтқаны мүлдем көтермеуге кеңес береді. Себебі алаяқтар мемлекеттік орган қызметкерлерінің атын жамылып, құрығына түсіруі мүмкін. Және жеке деректерге абай болу шарт дейді. Ең тиімдісі, онлайн несиелерге ЕGov қызметі арқылы шектеу қойған дұрыс деп кеңес береді.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.