Ақтөбе облысында ауыл тұрғындары құс саңғырығының иісінен тұншығып жатыр

Ақтөбе облысында ауыл тұрғындары құс саңғырығының иісінен тұншығып жатыр. Жүк көліктерімен ауыл маңындағы алқапқа тасымалданған қалдықтан тараған сасық иіс қолқаны қабады. Қалдық үйінділері түрлі жәндіктерді де көбейтіп жіберген. Халық аммиактың жер асты суына сіңіп кетуінен қорқады. Себебі көктемгі еріген қар суымен бірге ол ауызсу жүйесіне дейін жетуі мүмкін. Иіс Бестамақ ауылы мен Ақтөбе арасындағы алқапта орналасқан шаруашылықтан шығып жатыр. Ол жерге құс фабрикасынан алынған саңғырық тыңайтқыш ретінде пайдаланылған. Экология департаменті бұл әрекетті тоқтатуды талап етіп, қалдықтарды 2–3 күн ішінде елді мекендерден алыс жерге көшіруді міндеттеген.
ОРАЗҒАЛИ СЕКСЕНБАЕВ – ТҰРҒЫН:
— Иіс деген жаман. Осы екі-үш күндікте жел сол жақтан болды, ауыл сасып кетті. Терезе, есіктерімізді жауып отырдық. Амииак қой ол. Біз қарсымыз! Жаздың ортасында кім себеді? Шілдеде ненің егіні? Күзде болса түсінуге болады.

БЕРІК АҚДӘУЛЕТОВ – ҮШҚҰДЫҚ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ:
— Тасымалды кеше тоқтаттық. Енді тасымайтын болды. Бірақ қалған төгілген қалдықтарды бүгін-ертең техника келіп, жоямыз деп отыр. Жояды, кеше келісімге келді. Өзінің бір техникаларымен жасаймыз деді.
———————————————