16 млн қазақстандықтың дербес дерегі рұқсатсыз тараған | 17.06.2025

Жүргізуші: Оксана Петерс — https://www.instagram.com/oksana_peters_tv

ДЕРБЕС ДЕРЕК ТАРАДЫ
Қазақстандықтардың дербес дерегін көпке жария еткен кім? Азаматтардың аты-жөнімен бірге 16 млн жазбасы желіге тараған. Мұны кибер шабуылды талдау және зерттеу орталығы растап отыр. «Қазақстан тұрғындары 2024» деген бейресми атауға ие мәлімет базасын тоқтату мүмкін бе?

ЖҮРГІЗУШІГЕ ШАБУЫЛ
Жолаушы қатігез болып барады. Петропавлда такси жүргізушісін өлтіріп кетті, ал Шымкентте автобус жүргізушісін соққыға жықты. Жолы болмаған жолаушы- өшін жүргізушіден ала берсе не болмақ? Тілші зерттеуі.

САММИТТІҢ ПАЙДАСЫ
Астанада «Қытай – Орталық Азия» саммиті өтті. Бірқатар елдің көшбасшысы жиналған алқалы жиында жалпы сомасы 17 млрд доллар болатын 35 меморандумға қол қойылды. Демек, бұл жолғы жиынның пайдасы көл-көсір.

ОРЫНДЫҚ ОЙЫНЫ
Атыраудағы парадоксты қараңыз. Бір аулаға 54 орындық қойылған. Ал басқа жерде тізе бүгетін бірде бір орындық жоқ. Тұрғындар жергілікті биліктің бұл әрекетін түсіне алмай дал.

ТЕМІРЖОЛШЫЛАР ӘУЛЕТІ
Қазақстанның Рекордтар кітабына да енген әулет. Теміржол саласында 700 жыл қалтқысыз еңбек етіп келе жатқан Түкібаевтардың сыры неде? Салаға үлес қосып отырған төртінші ұрпақ өкілімен сұхбат.
———————————————