Астанада автобус апатында екі аяғынан айырылған 8 жастағы Алуа Бекеннің еміне және протезіне кететін шығынды мемлекет төлейді. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова осылай деді.
Министрдің айтуынша, қос аяқтың ампутациясының бұл түрі үшін Алуаға бірінші топтағы мүгедектік тағайындалуы тиіс. Мемлекет балаға өмір бойына 100 мың теңгеге жуық жәрдемақы төлейді. Баланың анасы Махаббаттың да жәрдемақы алуға құқығы бар. Оған мүмкіндігі шектеулі балаға күтім жасағаны үшін 78 мың теңге беріледі.
Еске салайық, 2 маусымда Астанада жолаушылар автобусы бағанаға соғылған. Сол кезде дәрігерлер ауруханаға ауыр халде түскен сегіз жастағы Алуа Бекеннің екі аяғын кесуге мәжбүр болды. Еңбек министрі: «Енді өмір бойына мүгедектігі туралы растама қағазы беріледі», — дейді.
СВЕТЛАНА ЖАҚЫПОВА, ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРІ:
— Өмір бойына беріледі. Біз қазір негізгі бұйрығымызға өзгерістер енгізіп отырмыз. Мемлекеттік органдарда рәсімдер өтіп жатыр. Оның ішінде Алуада болғандай жағдай кезінде болғанда өмір бойына мүгедектігі туралы растама беріледі.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.