Гипноздап, несие рәсімдеген: Ақтөбеде емші 138 адамды сан соқтырған

Ақтөбеде клиенттерінің атына несие рәсімдеген емшіден зардап шеккендер саны артты. Бұған дейін полицияға 90 адам арыз түсірген. Жәбірленушілер қазір емшімен соттасып жатыр. «Басы ауырып, балтыры сыздаған» науқастарды қараған емші 50 жастағы Сұлушаш Қазбаеваға қатысты тағы бір іс сотта қарала бастады. Қазір зардап шеккендердің жалпы саны 138 адамға жетті. 600 миллион теңгеге жуық қаражатынан қағылған. Халық емшісі аса ірі көлемдегі алаяқтық жасады деп айыпталуды. Жәбірленушілердің айтуынша, ол адамдарды гипноздап, олардың атына миллиондаған несие рәсімдеген. Емші әйел жұртты түрлі себеп айтып алдаған. Бірде науқас баласын емдеймін деп алса, енді бірде мешіт салатынын айтқан. Тіпті: «Алған несиені екі ай ішінде жаптым»,- деп сендірген.
———————————————