Соңғы 30 жылда алғаш рет, Шығыс Қазақстан облысында су арналарын тазарту басталды. Осы уақытта әбден бітеліп, аузы мұрнынан шыққан арықтар тіпті бұзыла бастаған. Күршім ауданы қауіпті егін шаруашылығы болып саналады. Жақын маңдағы өзендерден келетін су егістік алқаптарға жетпегендіктен, су арналары ауадай қажет. Қазір аудан орталықтары –Күршім мен Марқакөлге арнайы экскаваторлар жеткізіліп, олар тәулік бойы 157 шақырымға созылған қамыс пен лайға толып кеткен каналдарды арши бастады. Аз уақытта ауыр техника, кеуіп қалған 40 шақырым арықты тазалап үлгерген.
ЕРҒАЛИ МӘДИНОВ, «ҚАЗСУШАР» УЧАСКЕ БАСШЫСЫ:
— Мен бұл жерде алтыншы жыл жұмыс істеп жүрмін. Бұрын тек бір ғана қызметтік «Нива» болатын. Үш жыл бұрын бізге шағын экскаватор берді. Биыл тағы екі үлкен экскаватор алдық. Бұл мына арықтарды тазартып шығуға жақсы болды.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.