Қазына кірісі неге аз? Бюджет шығындарын жабу үшін Ұлттық қордан қомақты қаражат алынған. Бүгін Мәжілісте республикалық бюджеттің атқарылуы бойынша жауапты ведомство өкілдері есеп берді. Қазына кірісін толтыруда кемшіліктер бар.
ИНАРА БАРСАҚБАЕВА, ТІЛШІ:
— Салықтық тексеру артқанымен, мемлекет қазынасына өндірілген қаражат аз. Жоғары аудиторлық палата төрағасы Әлихан Смайыловтың мәліметінше, салықтық түсім екі есе азайған. Оған басты себеп 200-ден астам ірі салық төлеушіге мониторинг жүйесіз жүргізілген. Бюджет 609 млрд теңгеге орындалмаған.
Былтыр бюджет кірісін толтыруда тиісті меже орындалмады. Болжам бойынша бастапқы бекітліген жоспардан 2 трлн теңгеге төмендетілді.
ӘЛИХАН СМАЙЫЛОВ — ЖОҒАРЫ АУДИТОРЛЫҚ ПАЛАТА ТӨРАҒАСЫ:
— Қосымша есептелген сома небәрі 643 млн теңгені немесе ірі салық төлеушілерден түскен түсімдердің 0,01 пайызын ғана құрады. Жалпы, 2024 жылы салық жинау көлемі 2023 жылмен салыстырғанда 4,7 пайызға төмендеген. Осы факторлардың барлығы қарыз алудың ұлғаюы мен қатар ұлттық қордан берілетін трансферттерді де көбейтуге мәжбүрледі. 19.37
Мәтін: Әуелде жауапты министрліктер тарапынан «ұлттық қорға қол сұқпаймыз» деген уәде болған. Бірақ, былтыр бюджет шығындарын жабуға 5,7 трлн теңге алынды. Бұл қаражат ұлттық қордағы түсімдерден де асып кеткен.
НҰРТАЙ САБИЛЬЯНОВ, МӘЖІЛІС ДЕПУТАТЫ:
— 2024 жылы Ұлттық қорға тікелей салық төлейтін компаниялар саны 8,5 есе 204-тен 24-ке қысқарған. Бұл жоғары аудиторлық палатасының қорытындысында көрсетілген. Осыған байланысты ұлттық қорға 166 млрд теңге түспеді. Бұл ұлттық қордан республикалық бюджетке қаражат бөлу рәсімдерін айналып өтудің жаңа тәсілін тапқанын көрсетеді. 36.17
МӘДИ ТӘКИЕВ, ҚАРЖЫ МИНИСТРІ:
— Былтырғы жыл экономика үшін күрделі жыл болғаны белгілі. Келер жылы шамамен 2,7 трлн теңге Ұлттық қордан алынады. Бұл заңмен бекітілген кепілді трансферт. Ал 2026-2027 жылдарға мақсатты трансферт қарастырылмаған.
ИНАРА БАРСАҚБАЕВА – ТІЛШІ:
— Мәжіліс отырысында мемлекеттік қарыз мәселесі де көтерілді. Қаржы министрінің мәліметінше, Қазақстанның берешегі биыл 31 трлн теңгеден асты. Бұл жалпы ішкі өнімге шаққанда 21 пайызға тең. Депутаттар жауапты ведомство өкілінен жағдайды өзгерту үшін қандай шаралар қолданылып жатқанын сұрады. Министр мемлекеттік қарыздың көлемі қауіпсіз деңгейде екенін жеткізді.
Қаржы министрі Мәди Тәкиевтің айтуынша, мемлекет қарызының 75 пайызы, бұл шамамен 24 трлн теңгесі бюджет тапшылығын жабуға жұмсалған. Қомақты қаражаттың басым бөлігі халықаралық институттардан алынған.
МӘДИ ТӘКИЕВ, ҚАРЖЫ МИНИСТРІ:
— Мемлекеттік қарызды қысқарту үшін бюджет тапшылығы мәселесін шешіп алған жөн. Яғни ол үшін салық түсімдерін арттыру қажет. Жаңа салық кодексі аясында бұл мәселелерді біржақты етуге мүмкіндік болады деп ойлаймын. Бүгінгі таңда Қаржы министрлігі тиісті нормативтік-құтықтық акт әзірлеп жатыр. Шілде айында маңызды құжатты қолданысқа енгізу жоспарда бар. Келесі жолы қарыздың қандай бағыттарға және қанша көлемде алынғаны жайында толыққанды ақпарат беруге дайынбыз.
Мемлекеттің сыртқы берешегі азаймағанымен, есесіне отандық өндірістің ілгерлегені көңіл жұбатады. Өнеркәсіп өнімінің көлемі шамамен 3 пайызға, ауыл шаруашылығы жалпы өнімі 13 пайызға өскен. Негізгі капиталға тартылған инвестиция жеті жарым пайызға артқан. Құны 2 ,7 трлн теңгенің 248 жобасы ел игілігі үшін іске асырылды.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.