Алдағы алты жылда еңбек нарығындағы кадр тапшылығы бұрын-соңды болмаған деңгейге жетуі мүмкін. Сарапшылардың есебіне сүйенсек, 2030 жылға дейін экономикаға 1 миллион 600 мың маман қажет болады: соның 900 мыңға жуығы кәсіптік-техникалық білімі бар қызметкер, ал 400 мыңнан астамы – жұмысшы маман.
Ең үлкен тапшылық құрылыс саласында байқалады: шебер қолды 10 мың сылақшы, сондай-ақ құрылыс бригадирі мен дәнекерлеушіге сұраныс жоғары болады.
Ауыл шаруашылығы саласына 7 мыңнан аса тракторшы және 5 мыңдай бақташы қажет.
Ал өңдеу өнеркәсібінде 3 мыңнан аса дәнекерлеушіге сонымен қатар тігінші, слесарь мен сантехника маманына қажеттілік туады.
Денсаулық сақтау саласындағы ахуал да күрделі болады деген болжам бар. Себебі орта медициналық персоналды толықтыру үшін 24 мыңнан астам қызметкер қажет болады. Жедел жәрдем қызметіне шамамен 4,5 мың жүргізуші мен фельдшерге сұраныс бар.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.