Елорда көшесіне Болгария астанасының аты беріледі

Елорданың бір көшесіне Болгария астанасының құрметіне София аты берілмек. Бұл жайлы Мемлекет басшысы Болгария Президенті Румен Радевпен кездескеннен кейін, тілшілер алдында мәлімдеді.
«Болгарияның бас шаһарында Астана көшесі 2018 жылы пайда болған. Енді жақын арада, бізде де София атты көше ашылады», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Тараптар мәдени-гуманитарлық, білім беру және өңіраралық байланыс саласындағы ынтымақтастықты дамытуға уағдаласқан. Ақорда баспасөз қызметі хабарлағандай, екіжақты келіссөздер табысты өткен. Бірқатар маңызды құжатқа қол қойылды. Жасалған келісімдер нәтижесінде, екі елдің ынтымақтастығы жаңа деңгейге көтеріледі.
———————————————