Түркістан облысында 16 жастағы қызды өлтірген күдікті ұсталды | 09.06.2025

Жүргізуші: Оксана Петерс — https://www.instagram.com/oksana_peters_tv

ТӨРТКҮЛДЕГІ ТРАГЕДИЯ
Түркістан облысы Төрткүл ауылында 16 жастағы колледж студентінің денесі табылды. Зорлаған, аяусыз өлтірген деген күдікпен бір топ адам ұсталды.

ҚЫЗДАР ТӨБЕЛЕСІ
Петропавлда оқушы қыздар қатарластарын ұрып-соққаны былай тұрсын, бәрін видеоға түсіріп, бопсалаған. Алты жасөспірімнің жазасы қандай?

АЛУАҒА КӨМЕК
Астанадағы автобус апатынан екі аяғынан айрылған жеткіншектің отбасына 40 млн теңге өтемақы мен үй беріледі.

ЖАСӨСПІРІМГЕ ЖҰМЫС
Жасөспірімге жұмыс. «Менің жазғы демалысым» ақпараттық қосымша іске қосылды. Енді 14 жастағы жеткіншек те жұмыс істеп, айлық алады.

ЖАЛҒЫЗ ӘЙЕЛ
Шымкентте қоғамдық көлік жүргізетін жалғыз әйел бар. Төрт баланың анасы бұл жұмыстан қанша табыс табады?
———————————————