Екі баласын тұншықтырып өлтірген әйел түрмеге отырмайды. Бүгін Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында- күдіктіге қатысты үкім шықты. Оған сәйкес, 28 жастағы әйел қылмыс жасаған кезде есі дұрыс емес деп танылды. Осыған байланысты ол психиатриялық ауруханада мәжбүрлі емдеуге жіберіледі. Естеріңізге сала кетейік, қайғылы оқиға осы жылдың наурызында Ақтөбе облысының Қандыағаш қаласында болды. 1996 жылғы әйел үш жасар ұлы мен он бір айлық қызын жастықпен тұншықтырып өлтірген. Күйеуімен 4 жыл некеде болған. Екінші баласын дүниеге әкелгеннен кейін, дәрігерлер айыпталушыға босанудан кейінгі депрессия мен 2-ші дәрежелі психоз диагнозын қойған.
НҰРЛАН БАҚТЫҒАЛИЕВ, СУДЬЯ:
— Қылмыстық құқықбұзушылықты есі дұрыс емес күйде жасаған Гүлжанат Дәулетпайқызы Дәулетбаева қылмыстық жауаптылықтан босатылсын. Қылмыстық кодекстің тоқсан үшінші бабының бірінші бөлігінің екінші тармағына сәйкес Гүлжанар Дәулетбайқызы Дәулетбаеваға жіті бақыланатын мамандандырылған үлгідегі психоптрералық ауруханада мәжбүрлі емдеу тағайындалсын.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.