Қазақстанның Біріккен Араб Әмірліктеріндегі елшінің бұрынғы кеңесшісі Сәкен Мамашқа қатысты сот процесі ішінара жабық режимде өтеді. Бүгін сот отырысында жәбірленуші Карина Мамаш істің журналистердің қатысуынсыз өтуін сұрады. «Жеке өмірім егжей-тегжейлі жария болғанын қаламаймын, екі балам бар, олардың психологиясына алаңдаймын», — деді ол.
Ал Сәкен Мамаш БАҚ өкілдерінің сот процесіне қатысуына қарсы емес екенін жеткізді. Судья екі тараптың уәжін ескеріп, өтінішті ішінара қанағаттандырды, яғни дайындық кезеңі ашық режимде өтеді, ал сот тергеуі жабық форматта жүргізіледі.
Айта өтейік, 2024 жылдың мамырында Карина Мамаш видео жариялап, 10 жыл бойы күйеуінен қорлық көргенін айтты. Содан кейін дипломат елге шұғыл түрде шақырылды. Кейін Сәкен Мамаштың үстінен іс қозғалды.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.