Сәтбаев қаласының тұрғындары жолсыздықтан әбден шаршады. Ойдым- ойдым қала жолдарының жағдайына жұрт жаппай наразы болғанымен амалы жоқ.
Мынау қала көшелері дегенге сене алмайсың. Бірақ Сәтбаевтың қалаішілік жолдары дәл осындай. Ой шұңқырлы, бұдыр-бұдыр бұралаңы көп. Төселген тегіс асфальты бар ма өзі, түсініксіз. Бұл жағдай көлігі барлардың қалтасын қағып ақ тұр. Бір рет жол жүріп келсе бітті, жөндеуге тұрады.
Жергілікті билік бұл мәселені жоққа шығармайды. Айтуларынша, қармен бірге еріп кеткен асфальт – мердігерлердің жауапсыздығының кесірі. Сондай-ақ, биыл жолдарды жөндеу жоспарда жоқ болып шықты. Өйткені қалада жылу желілерін күрделі жөндеу және алдағы жылу маусымына дайындық жұмыстары жүріп жатыр екен.
АХМЕТ СЫЗДЫМАНОВ, СӘТБАЕВ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:
— Биыл 60 жылдан аса уақыт қолданылып келе жатқан 1-ші және 2-ші жылу магистралін күрделі жөндеуден өткіземіз. Жөндеу кезінде қала іші тегіс қазылады.Сондықтан, жолдарды жөндеудің қисыны жоқ. Қазылмайтын 8 көшені жөнделеді. Сонымен қатар 40 мың шаршы метр жолдың шұңқырлары жамалады.
Осы 8 көшені жөндеп, шұңқырларды жамауға шамамен 1 миллиард теңге бөлінеді. Бірақ бұл күрделі жөндеуге жатпайды. Сәтбаев қаласының тұрғындарына жылу желісі жөнделуін күтуіне тура келеді. «Әзірге ой шұңқырлар тегістеп шығамыз, — дейді қала басшылары.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.