Жыл басынан бері Ұлытау облысында жүзге жуық адам интернет алаяқтардан зардап шеккен. Алаяқтар «Қазпошта», «мемлекеттік орган» немесе банк қызметкері ретінде танысып, аңқау адамнан код пен аударымдарды сұрап алады. Соның нәтижесінде жәбірленушілердің атына несие рәсімдеп, жинаған ақшаларын қолды қылып келеді. Жақында дәл осындай схемамен Жезқазған тұрғыны 10 миллион теңгесінен айырылған. Полиция қанша ескерту жасап, алаяқтарға сенбеуге шақырғанымен азаматтардың алданып қалуы азаяр емес деп отыр.
АРМАН САДЫҚОВ, ҚАЛАЛЫҚ ПБ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
— Қазіргі уақытта интернет алаяқтарын әшкерелеу өте қиын. Бірақ барынша тиісті шаралар атқарылып жатыр. Мәселен, Жезқазған қаласында 48 SIM-картамен қазақстандықтарды арбауына түсірген шетелдік ұсталды. Сондай-ақ киберполиция қызметкерлері жыл басынан бері қитұрқылық контенті бар 1845 сайтты бұғаттап, интернет-алаяқтыққа байланысты 39 қылмысты әшкереледі.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.