Солтүстік Қазақстан облысындағы Еңбек ауылында бастауыш мектептің құрылысы басталды. Білім ұясы жаңа оқу жылында пайдалануға беріледі деп жоспарланған. 50 балаға арналған нысанды ауыл азаматы жеке қаражатына тұрғызуда. Жоба құны – 350 миллион теңге. Ал қажет құрылғылардың барлығы бюджет есебінен сатып алынбақ.
Айта кету керек, аталған елді мекен облыс орталығынан 100 шақырымдай жерде орналасқан. Бұрын мұнда білім ошағы болған. Алайда 2017 жылы жабылып, сатылып кеткен. Салдарынан халық жан-жаққа үдере көшіп, 20-дан астам оқушы көрші ауылдарға қатынап оқыған. Сондықтан алтын бесікті сақтап қалу үшін оңтүстіктен отбасылар шақыртылып, әлеуметтік нысандар бой көтере бастады.
ҚАЙЫРБЕК ҚОЖАСОВ – КӘСІПКЕР:
— Биыл Президентіміз жариялап отыр ғой, жұмысшы жылы деп. Соған арнап өз жұмысшыларымның балаларына міне шағын бастауыш мектеп салып жатырмыз, өз күшімізбен. Барлық құрылыс материалын әкеліп қойдық. Іргетасы қаланып жатыр. Медбикенің кабинеті болады. Асхана және жанында спорт залы болады.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.