Ақтөбеде Әлия есімді 300 әйел бас қосты

Ақтөбеде бүгін ерекше форум өтті. Әлия есімді 300 тұрғын қаланың төрінде ауыл-аймақ, облыстан келіп, жиналды. Іс-шара әйгілі мерген, Кеңес Одағының батыры Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына орай ұйымдастырылды. Қатысушылардың жасы әр түрлі, ең кішкентай екіде болса, ең үлкені 88-де. Бірақ ішінде көзге түскені батыр қыздың толық аттасы Әлия Молдағұлова болып шықты. Ол Ақтөбедегі мектеп мұғалімі. Оның айтуынша отбасында тек батырлар тұрады, әкесі мен ағасы да ерекше есімдермен аталған Сырым және Бауыржан. Жас мұғалім өз атымен мақтан ететінің айтып, өмірінде қандай әсер алатынын жайлы бөлісті. Атап кетсек, Әлияның көбісі батырдың туған мекені Хобдада өмір сүреді
ӘЛИЯ МОЛДАҒҰЛОВА, МЕКТЕП МҰҒАЛІМІ:
— Көбі таңғалып, сенбей жатады. Шын ба? Жеке куәлігіңді көрсетесің бе? Қалай? деп. Көбіне университетте оқыған кезде де таңғалып, мақтап алдыңғы қатарға шығаратын еді. Осы есімнің арқасында көптеген жерде рухтанып, алдыңғы қатарларда жүремін.
———————————————