Шымкентте бүлдіршіндерді ұрған тәрбиеші қамауға алынды

Шымкентте бүлдіршіндерді ұрып-соққан тәрбиеші қамауға алынды. Жекеменшік балабақша өкілі балаларға қол көтеріп, сызғышпен, қалың дәптермен ұрған. Тіпті тепкені де анықталды. Баласының денесі көгергенін байқаған аналардың бірі бейнебақылау камерасындағы жазбаны тексеруді талап еткен. Бейнежазбада тәрбиеші балғындарды екі сағат бойы кезек-кезек ұрып, сүйреп, артынан түк болмағандай телефон шұқып отырғаны таспаланған. Мұны көрген ата-аналар полицияға шағым түсіріп, оқиға ізімен дереу қылмыстық іс қозғалды.
СӘРСЕН ҚҰРАНБЕК, ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:
— Аталған тәрбиеші «Айкөркем» бөбекжай балабақшасы басшылығының бұйрығымен жұмыстан босатылды. Қазіргі уақытта оқиға бойынша білім басқармасы полиция депаратментіне және білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментіне хат жолдады. Полиция тарапынан тергеу жүргізілуде.
———————————————