Ақтөбеде курсант жаттығу кезінде қаза тапты

Ақтөбеде Әуе қорғаныс күштерінің әскери институты курсантының қаза болуына байланысты қылмыстық іс қозғалды. Мән-жайын анықтау үшін тергеу жүргізіліп жатыр. Қорғаныс күштерінің баспасөз қызметі хабарлағандай, марқұмның туыстары мен жақындарына барлық қажет көмек көрсетіледі. Курсанттың жаттығу кезінде секіру парашюті ашылмай қалған деген болжам бар. Қаза тапқан азамат Астанадан оқуға келген. Тамыз айында 19 жасқа толуы керек еді.
———————————————