Жарнамаға сендік, ақшадан айырылдық: Перизат Қайрат ісі

Әлеуметтік желілерде бәрі де әдемі еді. Жарнамасы жер жарған соң «Біз біргеміз» қайырымдылық қорына сеніп қалдық, – дейді жәбірленушілер. Астанада Перизат Қайрат пен оның анасы Ғайни Алашбаеваға қатысты сот жалғасып жатыр. Сотта қор жұмысына күмәнсіз сеніп қалғандардың бірі – «Стройконструкция» АҚ өкілдері 200 миллион теңге аударса, тағы бір құрылыс компаниясы 700 мың теңге жіберген. Жәбірленушілердің айтуынша, 2025 жылдың наурызында олар қаражаттың қайда жұмсалғаны туралы есеп береді деп ойлаған. Бірақ ешқандай ресми байланыс болмаған. Олар: «Еліміз қиын жағдайға тап болғанда көмектесу азаматтық парызымыз деп санадық», – дейді. Алайда миллиондаған қаражат зардап шеккендерге жетпеген. Сот ертең де жалғасады. Перизат Қайрат әлі талайды таңғалдыруы мүмкін.
———————————————