Абай облысында полиция басшысы қызметкерлерін рогаткамен «тәрбиеледі». Қызметтік тексеру басталды. Абай облысына қарасты Шар қаласында полиция басшысының қарамағындағы қызметкерлерге рогаткамен атып «тәрбиелеу» әрекеті анықталды. Оқиға қызметкерлердің шағымы негізінде белгілі болып, видеожазба әлеуметтік желіге тарады.
Видеода полицейлер мектептегі оқушылардай дәлізде жүгіріп жүргені көрінеді, ал рогаткамен атып жүрген – олардың басшысы. Бұл жағдай қоғамда күлкі мен алаңдаушылық тудырды. Абай облыстық полиция департаменті оқиғаны растады және қызметтік тергеу басталғанын хабарлады. Тексеру жеке құрам инспекциясы тарапынан жүргізіліп, оның нәтижесі бойынша заң талаптарына сәйкес шаралар қабылданады. Қазіргі уақытта оқиғаға қатысты басқа да мәліметтер жиналып жатыр.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.