16-17 маусым күндері, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Қазақстанға Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин келеді. Ақорданың баспасөз қызметі осылай хабарлады.
Сапар барысында, жоғары деңгейдегі екі жақты кездесулер өткізу жоспарланып отыр. Сондай-ақ екі ел арасындағы жан-жақты стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайту мәселелері талқыланады. Ал 17 маусымда, Астанада аймақтағы мемлекеттер басшыларының қатысуымен екінші «Орталық Азия – Қытай» саммиті өтеді. Сарапшылардың пікірінше, соңғы 30 жылда Қытай мен Орталық Азия елдері арасындағы тауар айналымы 100 есе артқан. Былтыр сауда-саттық көлемі 94,8 млрд долларға жеткен. Бұл – рекордтық көрсеткіш. Демек, Астанада өтетін бұл жолғы саммитте Қазақстан мен Қытайдың арасында маңызды келісімдер жасалады деген болжам бар.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.