Қазақстан қор биржасы цифрлық теңгемен сауда жүргізуі мүмкін. Ол үшін алдымен цифрлық қаржы активтері туралы заң қабылдануы керек. KASE биржасының басқарма төрағасы Әділ Мұхамеджановтың айтуынша, цифрлық теңге қаржы құралдарымен есеп айырысу үшін тиімді құрал болмақ. Енді қазір биржа бағалы қағаздар депозитарийімен бірге цифрлық активтерге арналған инфрақұрылым әзірлеп жатыр. Қазір айналымда 257,5 млрд теңге көлемінде цифрлық валюта бар. Жоспар бойынша, платформаның өзі осы жылдың желтоқсанында толық іске қосылуы керек.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.