Кәсіби-техникалық маман иелеріне сұраныс артады

Қазақстанда ауыл шаруашылығы, су ресурстары мен энергетика саласында маман қат. Сондықтан ағарту ісінің жанашырлары болашақ студенттерге кәсіби бағыт-бағдар беретін мобилді қосымша әзірлеу бастамасын көтеріп отыр. Бұл кадр тапшылығын шешудің тиімді жолы екенін айтады. Жалпы, қазір елімізде 7 миллионға жуық адам еңбек етеді. Оның шамамен 20 пайызы – жұмысшы мамандар. Сарапшылардың пікірінше, алдағы 5 жылда кәсіби-техникалық маман иелеріне сұраныс артпаса, азаймайды. Мысалы, құрылыс монтаждау, электромонтер, тас қалаушы, сылақшы, кенші және тау-кен маманына сұраныс көп болмақ.
———————————————