Қытайда ШЫҰ телевизиялық фестивалі өтті: «Жетінші арна» өкілдері қатысты

Медиа-контент алмасу, бірлескен тележоба және цифрлық платформаны дамыту. Шанхай ынтымақтастық ұйымы елдерінің телевизиялық екінші фестивалінде дәл осы тақырып талқыланып жатыр. Қытайдың Сиань қаласында өтіп жатқан шараға қазақстандық делегация қатысты. Құрамында «Жетінші арнаның» өкілдері де бар. Әсіресе Қытайда тұратын қазақтардың өмірі мен халықтар достығы туралы баяндайтын «Менің Алтайым» атты қытайлық сериалдың «Жетінші арнада» сәтті көрсетілімі ерекше атап өтілді. Бұл жоба ел арасындағы нағыз медиа көпірге айналып, әлеуметтік желілерде кеңінен талқыланды. Рейтингтік топқа еніп, әлем бойынша 100 миллионнан астам қаралым жинады. Бұл кейс медиа-контенттің мәдени байланысты нығайтуға және өңірлерге деген қызығушылықты арттыруға қалай әсер ете алатынын анық көрсетеді. Ал Мәдениет және ақпарат вице-министрі Қанат Ысқақов қазақстандық ұлттық контентті халықаралық стриминг платформаларында ілгерілетудің маңыздылығын атап өтті.
———————————————