Көшеден ұстап, әскерге әкету қаншалықты заңды? | 11.06.2025

Жүргізуші: Оксана Петерс — https://www.instagram.com/oksana_peters_tv

ҰРЫСҚАҚ ТӘРБИЕШІ
Шымкентте бүлдіршіндерге қол көтеріп келген тәрбиешіге қатысты қылмыстық іс қозғалды. Оқиға жекеменшік балабақшалардың бірінде болған. Үйіне көкала қойдай болып келген баланың анасы шу көтерген соң, сұмдықтың беті ашылды.

АЖАЛ ТЕРЕЗЕСІ
Балаңызды бір минут та назардан тыс қалдырмаңыз. Әйтпесе күн ысығалы ел бойынша бүлдіршіндердің терезеден құлау дерегі жиілеп кетті. Тәртіп сақшылары, төтенше жағдайлар қызметкерлері мен дәрігерлер дабыл қағып жатыр.

БОСТАНДЫҚ КҮНІ ЖАҚЫН
Абақтыда жатқандар бостандыққа шығар күнін күтіп, дөңбекши бастады. Конституцияның 30 жылдығы қарсаңында 15 мың жазасын өтеушіге рақымшылық жасалмақ. Мәжіліс амнистия туралы заң жобасын қабылдады.

ӘСКЕРГЕ АЛЫП КЕТЕДІ
Қорғаныс саласының мамандары әскерден жалтарып жүрген жастарды көшеден ұстап әкетіп жатыр. Соңғы кезде әлеуметтік желіде осындай көрініс жиілеп кетті. Бұл қаншалықты заңды? Тілші зерттеуі.

ПАТРИОТТЫҚ МУРАЛ
Елордада көпқабатты тұрғын үйдің қасбетіне патриоттық мурал салынды. Туынды «Ұлттық ұлан — ел айбыны» деп аталады. Рухты оятып, отансүйгіштікке тәрбиелейтін алып суреттің авторы кім?
———————————————