Атырау облысы Индер ауданында қарақұрт адамдарды шағып жатыр. Ауданның тоғыз тұрғыны ауруханаға түсті. Жергілікті билік зиянкеспен күресті күшейтті. Бірақ аймақта төтенше жағдай жариялаудан бас тартып отыр. «Оған еш негіз жоқ», — дейді. Айта кетейік, былтыр13 адам осы зиянкестен зардап шегіп, 40 шақты мал қырылған. Мамандар өрмекші тәрізді жәндіктің қауіпті екенін ескертеді. Сондықтан қарақұрт шағып алса, дереу дәрігерге қаралу қажет.
БАУЫРЖАН РАХМЕТОВ, ДӘРІГЕР-ТОКСИКОЛОГ:
— Ине кіргендей шымыр ете түседі. Содан соң 5-10 минуттан кейін адамның өзіне белгілі бола бастайды. Бел омыртқаның тұсы аурады, аурудың күші көбейе бастайды. Қара терге түседі, жүрегі қысылады. Әркімнің өзінің қандай хроникалық аурулары бар, солар қозады.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.