Ақтөбеде ауыл әкімі Ләззәт Бердібаева жұлынған қызғалдақ үшін жауапқа тартылмайтын болды. Сот әкімге қатысты әкімшілік істі тоқтатты. Әу баста, учаскелік полиция қызметкері хаттама толтырғанымен, оны растайтын құжат ұсынбаған. Дәлел ретінде 1 ғана сурет тіркелген. Ботаникалық сараптама да дәл осы қызғалдақ түрінің Қызыл кітапқа енетінін анықтай алмаған. Тіпті сот оқиға орнын барып тексеріп те қайтты. Алайда маусымның ауысуына байланысты далада қызғалдақ таппаған. Бұған дейін әкім 6 және 8 жастағы қыздарының гүлді жұлып анасына сыйлағанын, тек суретке түсіп, жеке парақшасына салып қойғанын айтқан. Заңға сәйкес, Қызыл кітапқа енген, сирек қорғалатын өсімдіктерді жойған болса, әкім шамамен 12 миллион теңге айыппұл арқалауы мүмкін еді.
АЙПАТША МУСИНА, КТІЖМ АУДАНАРАЛЫҚ СОТЫНЫҢ СУДЬЯСЫ:
— Сот қаулы етті. Ләззәт Ертілесовна Бердібаеваға қатысты әкімшілік іс ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 27-бабының 1-бөлігінде көзделген әкімшілік құқықбұзушылық құрамының болмауына байланысты тоқтатылсын!
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.