Маңғыстау облысында 12 құрылыс компаниясына лицензия заңсыз берілген

Маңғыстау облысында прокурорлық тексеріс кезінде 12 құрылыс компаниясына лицензияның заңсыз берілгені анықталды. Олардың барлығы құжатта, бір өндірістік база мен бір инженерлерді көрсеткен. Былтыр тіркелген 20 құрылыс компаниясының сегізі ғана жұмысын жалғастыруға мұрсат алды. Қалғандарының рұқсат қағаздары жарамсыз деп танылып, оларға 5 миллион теңгеден астам айыппұл салды. Кәсіпкерлер қызметін жалғастыру үшін құжаттарын қайта рәсімдеуі тиіс.
БЕГЕНДІК МАҒЖАН, ОБЛЫСТЫҚ ПРОКУРАТУРА БАСҚАРМАСЫНЫҢ АҒА ПРОКУРОРЫ:
— Логикалық тұрғыда бір өндірістік базада 100 жұмысшының жұмыс істеуі мүмкін еместігі анықталды. Яғни 12 мекеме бірдей өндіріс базаны қалай жалға алатыны күмән тудырды. Сонымен қатар инженерлік-техникалық қызметкерлер бір мезгілде бірнеше мекемеде жұмыс жасауы мүмкіндігін қарап отырып, осындай заңдылықты бұзушылықтар орын алды.
———————————————