Үлескерлік құрылысқа жаңа талап қойылмақ

Елімізде 4 мыңға жуық үлескер ақша құйған үйінің құрылысы аяқталмай, зардап шеккендер тізіміне кірді. Сенатор Бибігүл Аққожина келтірген дерекке сәйкес, қазір 41 проблемалық нысан бар. Бұдан басқа, 99 көпқабатты үй рұқсатсыз салынған. Тиісті заң жобасына өзгерту енгізілсе, жұрттың үлестік құрылысқа сенімі артатын еді, — деп есептейді жоғарғы палата депутаттары. Ал халықтың пікірі қандай?
———————————————