Үндістандағы ұшақ апаты: Президент көңіл айту жеделхатын жолдады

Қазақстан Президенті Үндістан Премьер-министріне көңіл айту жеделхатын жолдады. Мемлекет басшысы әуе апатынан қайтыс болған азаматтардың отбасылары мен жақындарын сабырға шақырып, жарақат алғандардың тезірек сауығып кетулеріне тілектестік білдірді.
Үндістанда жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады. Оқиға Ахмедабад қаласында болған. Air India әуе компаниясының ұшағы әуежай маңына құлаған. Ұшақ бортында 242 адам болған, оның 12-сі экипаж мүшесі. Ұшақ көкке көтерілген соң, бір минут болмай байланыс үзілген. Сарапшылардың болжауынша, апатқа құстың соғылуы себеп болуы мүмкін. Осы қайғылы оқиғадан кейін Boeing компаниясының акциясы 8 пайызға құлдырап кетті. Айта кетейік, құлаған ұшақ бортында қазақстандықтар болмаған.
———————————————