Қызылорда облысында 6 шаруа қожалығы суды заңсыз пайдаланған

Қызылорда облысында 2,3 миллион текше метрден астам суды заңсыз пайдалану дерегі анықталды. Егінмен айналысатын алты шаруа қожалығы есептеу құжатынсыз жасырын түрде тіршілік нәрімен күріш алқаптарын суарып отырған. Шаруашылықтардың «көлеңкелі» ісін су ресурстары және ирригация министрлігі мамандарынан құралған тексеру тобы әшкереледі. Жұмысшы топ сонымен қатар үнемдеу, реттеу және ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне су жеткізу мәселелері бойынша мониторинг жүргізіп жатыр. Биылдан бастап шаруаларға су беру келісімшарттары тек электронды форматта жасалуы тиіс. Келісілген су көлемінің берілуі мен бекітілген дақылдардың расымен өсіріліп жатқаны онлайн бақыланады.
АЙДОС АСАНБАЕВ – «ҚАЗСУШАР» РМК ФИЛИАЛ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
— Ережеге сәйкес, егер де су тұтынушылар заңсыз су пайдаланса, дақылдың суару нормасының орташа есептік көрсеткішінің қолданыстағы тарифке сәйкес алынған суды орташа есептеп, соны 1,5 есе төлеуге міндеттеледі. Бұл кешегі жаңа су кодексінің 10-маусымда енгізілгенінің нәтижесі деп білеміз.
———————————————