Жамбыл облысында 12 жастағы қарындасын зорлаған екі адамға үкім шықты. Бірі өмір бойына, екіншісі 20 жылға бас бостандығынан айырылды. Мойынқұм ауданында тұратын қызды әкесінің екі інісі алты жыл бойы зорлап келген. Бірінің жасы – 35-те, екіншісі – 37-де.
Сұмдық жайт былтыр күзде оқушының жүкті екені анықталған соң әшкере болған. Сорақысы сол, жасөспірім 13 жасында өзін зорлаған ағаларынан бала туған. Жәбірленуші оқыған мектептің қызметкерлеріне қатысты да қылмыстық іс қозғалды. Олар қыздың жүкті күйінде мектепке келіп жүргеніне мән бермеген.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.