Ақтауда 16 жастағы қызды өгей әкесі таяқтың астына алған

Ақтауда 16 жастағы қызды өгей әкесі таяқтың астына алған. Жұдырығы жуан азамат жасөспірімді көшеге шашынан сүйреп шығарып, жұрттың көзінше сабаған. Қыз баланың миы шайқалып, бет-аузы көгерген. Қазір колледж студенті ауруханада емделіп жатыр. Ал Маңғыстау облыстық кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі комиссия ер адамның діни сенімде болғанын айтып отыр. «Соған қарамастан, үнемі келіншегі мен өгей қызына қол көтеріп келген», — дейді мамандар. Анасы құзырлы органға арыз жазған. Полиция бұл оқиғаға қатысты «Денсаулыққа қасақана зиян келтіру» бабы бойынша іс қозғап, тергеп жатыр.
СВЕТЛАНА ӘЛІБЕКОВА, КТІОҚ ҚОРҒАУ ЖӨНІНДЕГІ КОМИССИЯ МҮШЕСІ:
— Кәмелетке толмаған жасөспірім қыздың өгей әкесінен қорлық көріп, яғни оны ұрып-соққандығы туралы хабарлама келіп түсті. Көмек сұрады. Бүгін психологымыз барып қызбен сөйлесіп, оған моральдық, психологиялық қолдау көрсетті. Қыз баланың бойында әлі де қорқыныш бар. Біздің комиссия мен полиция департаменті және облыстық прокуратура барлығымыз бірігіп жұмыстанып жатырмыз.
———————————————