«Ордабасы» футболшыларына 2,3 млрд теңге заңсыз бонус берілген

Шымкентте «Ордабасы» футбол клубының ойыншыларына 2,3 миллиард теңге заңсыз бонус берілген. Прокуратураның мәліметінше, командаға легионер ретінде шақырылған кейбір шетелдік спортшыларға ресми түрде ай сайын 2 миллион теңге көлемінде жалақы төленген. Алайда келісімшарттан бөлек, олар ай сайын 18 миллион теңгеге дейін қосымша бонус алып отырған. Мұндай үстемақыға 21 футболшы ие болыпты. Қазір билікті асыра пайдалану бабымен қылмыстық іс тергеліп жатыр.
ШЫНАР ҚАРШЫҒАҚЫЗЫ, ПРОКУРАТУРАНЫҢ АППАРАТ БАСШЫСЫ:
— Анықталды, сол үшін прокуратураның өзі тексеру жүргізді. Сол тексеріс бойынша бізде қылмыстық іс қозғалды. Не үшін алған ақшаны? Кіммен бөлісті? Қайда жіберді? Қашан, қай уақытта? Қылмыстық істің ішінде болған соң, оның бәрі қаралады.
———————————————