Олжас Бектенов импорттың үлесін азайтуды тапсырды

Импортқа тәуелділіктен қалай арыламыз? Үкімет отырысында осы мәселе талқыланды. Мемлекет кәсіпкерлерге барынша қолдау көрсетуге дайын. Елімізде отандық тауар өндірушілердің бірыңғай тізілімі жасалмақ. Бұл бастама әкімшілік кедергілерді азайтып, қазақстандық өнімнің бәсекеге қабылеттілгін арттырмақ.
Қазір нарықта отандық тауар өндірісінің орташа үлесі – 46%. Атап айтсақ, жиһаз өндірісі мен машина жасау саласында көрсеткіш қуантады. Мұнда қазақстандық мазмұнның үлесі 40% жоғары. Ал тоқыма және тігін ісінде көрсеткіш төмен. 10% да жетпейді. Импортқа келер болсақ, кондитерлік өнімдер саласында шетелден сатып алу көрсеткіші – 24%, ет және сүт өнімдері бойынша 30% асады. Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов мемлекеттк қолдау тетігі арқылы қазақстандық өндірісті дамытып, импорттың үлесін азайтуды тапсырды.

ОЛЖАС БЕКТЕНОВ6 ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ:
— Мемлекеттік қаржылай көмек бірінші кезекте жергілікті тауар өндірушілерді қолдауға арналған. Бюджет қаражаты импортқа емес, Қазақстан экономикасын дамытуға бағытталуы тиіс. Белгілі бір тауар Қазақстанда шығарылмаса, ол өндірісті шетелден Қазақстанға орналастырудың жолын іздеген жөн.

Биыл машина құрастыратын екі зауыт бой көтермек. Оның біреуі қытайлық чанган, хавэйл және чери көліктерін шығаруға арналған. Кәсіпорын жылына 100 мың автокөлік өндірмек. Дегенмен соңғы кездері нарықты жаулап алған қытай көліктерінің сапасына күмәнмен қарайтындар да аз емес. Бұл темір тұлпарлар көп жағдайда климаттық жағдайға бейімделмеген деседі.

ОЛЖАС САПАРБЕКОВ, ӨНЕРКӘСІП ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫС ВИЦЕ-МИНИСТРІ:
— Алыпсатарлар көлікті Қытайдан тасымалдау кезінде техникалық ережелерді ескермейтіні жасырын емес. Олар машинаны кімнен, қай жерден алғаны белгісіз. Техникалық тұрғыдан тексерілмегендіктен, көлік істен шығуы мүмкін. Осыған да назар аударған абзал. Көлік құрастыру секторында әр мемлекеттің өзінің белгілі бір ережесі қалыптасқан.

Хош, құрылыс өндірісі де ілгерлеген. Темір бетон және цемент бойынша ішкі нарықты біртіндеп қамтамасыз етіп келеміз. Гипсокартон мен басқа да жылу оқшаулау материалдары бойынша тағы бір жоба пайдалануға берілмек.

АЙДАР ҚОЖАХМЕТОВ, ИЭО БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
— Ішкі нарықты қамту үлесін 60-70 пайызға жеткізбекпіз. Металлургиялық өнеркәсіптерге келер болсақ, бүгінде құрылыста пайдаланылатын арматура өндірісінің 50 пайызы отандық өнім. Оны алдағы жылдары экспорттау жоспарда бар.

ИНАРА БАРСАҚБАЕВА, ТІЛШІ:
— Бірақ бұл пәтер бағасының бірден арзандауына әкеледі деген сөз емес. Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Олжас Савпарбеков осылай дейді. Себебі кейбір импорттық тауарларға тәуелділіктің төмендемейтінін жоққа шығармау керегін ескертті. Мемлекет кәсіпкерлерге барынша қолдау көрсетуге дайын. Елімізде отандық тауар өндірушілердің бірыңғай тізілімі жасалмақ. Бұл қазақстандық өнімнің бәсекеге қабылеттілгін арттырмақ. Жалпы, былтыр өңдеу өнеркәсібі саласында бірқатар ілкімді жоба іске асырылды. Биыл 200-ге жуық жоба пайдалануға берілмек.
———————————————