Есту қабілетін тексеруге арналған мобильді орталық іске қосылды

Қазақстанда әр жетінші тұрғын, яғни ел халқының шамамен 15 пайызында есту қабілетіне байланысты қиындық бар. Жағдайды күрделендіретіні — бұл мәселе жастар арасында жылдан жылға жиілеп барады. Осыған байланысты Қазақстанда ерекше әлеуметтік жоба – «Есту саяхаты» бастау алды. Бұл – еліміздегі алғашқы мобильді диагностикалау орталығы. Бүгін бұл жылжымалы пункт өз сапарын Астанадан бастап, өңірлерге жол тартады. Шалғайдағы елді мекен тұрғындары есту қабілетін тегін әрі тез тексерте алады. Тексеру небәрі бірнеше минут уақыт алады, ал қабылдауды тәжірибелі, білікті мамандар жүргізеді.
МЕРУЕРТ МҰҚАНАЕВА, ЕСТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ МЕНЕДЖЕРІ:
— Есту қабілетінің төмендеуі қазіргі кезде өте өзекті мәселе және біздің ең бастапқы мақсатымыз – есту қабілетінің төмендеуін ерте анықтау. Бүгін еліміздің астанасынан бастап отырмыз. Бірақ кейін Қазақстанның барлық аймағына барамыз деген жоспарымыз бар. Мүмкіндігіміз келгенше барлық адамға көмектесеміз деп ойлаймыз.
———————————————