7-8 маусым Алматыда The Spirit of Tengri фестивалі өтеді

Алдағы демалыс күндері Алматыда әлем халықтарының музыкасы мен мәдениетіне арналған халықаралық «The Spirit of Tengri» фестивалі өтеді. Сахнада бірнеше елден келген 10-нан астам ұжым өнер көрсетіп, өз мәдениеті мен тілін әуен арқылы таныстырады. Мұнымен қоса аспан астында фудкортпен қолөнер жәрмеңкесі де ұйымдастырылады. Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген қолөнер шеберлері өз туындыларын көпшілік назарына ұсынады. Ал шараның басты ерекшелігі – бет пен денеге салынатын этно-грим. Күндіз қонақтар ұлттық ойындарға қатысу мүмкіндігіне ие. Ал фестивальдің соңғы күні көрермен дрондар шоуын тамашалайды. Фестиваль 7-8 маусым аралығында өтеді. Кіру тегін. Шара Тенгриньюс.кз ақпараттық агенттігінің 15 жылдығына орай ұйымдастырылып отыр.
КОНСТАНТИН ГОЛОВИН, ФЕСТИВАЛЬДІҢ БАС ПРОДЮСЕРІ:
— Жай ғана фестиваль емес. Бұл халықтарды біріктіріп, Қазақстан мәдениетін әлемге танытатын бірегей жоба. Шара барысында әйгілі әлемдік жұлдыздармен жұмыс істеп жүрген Отукен тобы өнер көрсетеді. Айта кету керек, олар – «Грэмми» жүлдесінің иегерлері. Сондай-ақ биыл көпке танымал Айола тобы да қатысады. Олар бізге Муз-ТВ премиясынан ұшып келеді деген жоспар бар.
———————————————