Жүргізуші: Оксана Петерс — https://www.instagram.com/oksana_peters_tv
АВТОБУС АПАТЫ
Дәрігерлер Астанада болған автобус апатынан зардап шеккен бір жолаушының аяғын кесіп тастады. Жол жиегіндегі діңгекке соғылған қоғамдық көлікте 15 адам зардап шеккен болатын. Қазір оқиғаның себеп-салдары анықталып жатыр.
«ПИРАМИДА» ҚҰЛАДЫ
8 мыңнан астам адамның 21 млрд теңгесі желге ұшты. Алматы облысында баспана мен көлікті пайызсыз, бөліп төлеу шартымен ұсынған қаржы пирамидасы жойылды. Ұйымдастырушылар түскен ақшаны талан-таражға салған.
ЖЕР СІЛКІНДІ
Түркия түнде дүр сілкінді. Елде 5,8 балдық жер сілкінісі болды. Жерасты дүмпуі Мугла қаласының Мармарис ауданынан, 10 шақырым жерде тіркелді. Зілзала 5 қалада сезілген. Апаттан 1 адам қайтыс болып, 69 адам жарақат алды.
ШЕКАРАДАҒЫ КЕПТЕЛІС
Ақтөбе облысындағы өткізу пунктінде екі күннен бері қалың жүк көлігі кептеліп тұр. Кезектің ұзындығы Ресей тарапынан — 10, Қазақстан жағынан — 7 шақырымға созылады. Бұған не себеп? Тілшіміз анықтайды.
ЭТНИКАЛЫҚ САЗ
7-8 маусымда Алматыда «The Spirit of Tengri» шарасы басталады. Бұл – жыл сайын дәстүрлі түрде өткізілетін халықаралық заманауи этникалық музыка фестивалі.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.