Астанадағы автобус апаты: жүргізуші қамауда

Астанадағы автобус апатында екі аяғынан айрылған 8 жасар қыз бала есін жиды. Қазір оған және анасына психологтар көмек көрсетуде. Алдыңғы күні елордада қалаішілік жолаушы тасымалдайтын автобус жол шетіндегі бағанаға соғылған еді. 15 адам ауруханаға жеткізілді. Олардың үшеуі стационарға жатқызылып, қалғандары үйде емделуге жіберілген. Ауруханадағы екі әйелдің бірінің жағдайы ауыр болып, операция жасалған. Қазір екеуінің де жағдайы қалыпты, бейімді бөлімшелерде жатыр. Ал автобус жүргізушісі қамауда.
ӘЙГЕРІМ АРДАҚ, ҚДСБ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:
— Зардап шеккен, өте ауыр жағдайда болған қыз қазір есін жиды. Бірақ әлі де реанимацияда жатыр. Енді дәрігерлердің болжамы бойынша, айтуы бойынша егер де денсаулығы жақсарып қалса, мүмкін ертең бейімді бөлімшеге ауыстырылады. Әрине, қасында мамасы бар. Қазір психолог маманды балаға және анасына көмек беру үшін қостық.
———————————————