Қарағанды облысының кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі сотында- әйелді ана құқынан айыру мәселесі қаралып жатыр. Ол азаматтық некедегі күйеуімен бірге, 15 жастағы қызын 38 жастағы ер адамға күйеуге берген. Қызға зорлық көрсетті деген күдікпен, ер адам қамауға алынды. Ал биологиялық әкесі қызын толық қамқорлығына алғысы келеді. Өйткені анасы оған қысым көрсетуі мүмкін деп алаңдайды. Оқиға Абай қаласында болған. Некелескеннен кейін, бес күн өткен соң, қыз әкесіне қашып барған. Ол бірден полицияға арыз жазған. Қыз баланың келешегіне мектеп мұғалімдері де алаңдаулы.
ҚЫЗДЫҢ ӘКЕСІ:
— Сенесіздер ме, қызыма полицияға арыз жазбауға көндіріпті. Уақыт өте келе, қыз анасына аяушылық білдірген. Өйткені оған анаң сотталып кетеді деп қорқытса керек. Анасының үшінші некесінен тағы екі кішкентай баласы бар.
МАРИНА СТРЕЛЬНИКОВА, АБАЙ АУДАНДЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ:
— Жас қызды күйеуге берген. Бұл туралы қыздың өзі кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі комиссияда мәлімдеді. Бес күн бойы бала үйіне қайтпаған. Анасы полиция органдарына шағымданбаған. Осы жағдай бойынша комиссия сотқа талап арыз беруді ұйғарды.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.