Шығыс Қазақстан облысы аумағында 12 автономды сейсмикалық станция орнатылады. Бұл бақылау жүйелері Өскемен қаласында және таулы аймақтарда іске қосылады. Қазір өңірдегі 75 елдімекен сейсмикалық белсенді аймақта орналасқанымен, қолданыстағы бақылау датчиктері әлі де жеткіліксіз. Архитекторлардың есептеуінше, 2000-нан астам көпқабатты тұрғын үй мен әлеуметтік нысандарды нығайту қажет. Олардың қатарында 160-тан астам мектеп бар. Осыған байланысты жергілікті билік сейсмологиялық тұрғыдан қауіпті нысандардың картасын жасау үшін қаржы іздеп жатыр.
ГҮЛМИРА СӘТБАЕВА, ҚСҚҚ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:
— Паспортизация жүргізу жоспарда бар. 2025 жылы бұл жұмысқа облыстық бюджеттен 580 миллион теңге, ал 2026 жылы 958 миллион теңге бөлінеді. Қазіргі уақытта әлеуметтік маңызы бар және көпқабатты тұрғын үйлерді қамтитын алғашқы кезектегі нысандардың тізімі жасалып жатыр.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.