Түркістан облысында алғашқы қауын-қарбыз өнімдері жинала бастады. Жетісай ауданының диқандары ерте көктемде еккен бақша дақылдарының алғашқы жемісін жинап, өнімдерін ішкі нарық және Ресейге жөнелтуде. Қазір 100 тоннадай қауын экспортқа шығарылды. Шаруалар әр гектардан орта есеппен 400 центнерге дейін өнім алуды көздеп отыр. Ал Келес ауданында қарбыз маусымы қарқынды басталды. Егіншілер суармалы алқаптарға еккен өнімін ерте жинады. Қарбыздың салмағы 15 келіге дейін жетіп, келісі 200 теңгеден сатылып жатыр.
СЕЙІЛХАН САХЫБЕКОВ, ШАРУА:
— Қарбыз жылдағыдан қарағанда мол өнім беріп жатыр. Жылда гектарына 50 тоннадан алатын едік, биыл 60-65 тоннадан алып жатырмыз. 1 апта ерте пісті. Наурыз айының 15-16-сы егілген.
ӘЛ-ФАРАБИ КҮЗЕНБАЕВ, ШАРУА:
— Мұның бәрі – экспортқа баратын қауындар. Килограмға шақсақ 400 теңгеден беріп жатырмыз. Өнім де жақсы. Былтырға қарағанда қауын да ірілеу, былтыр майдалау еді.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.