Бүгін елтаңба мен туға, жалпы мемлекеттік рәміздерге құрмет көрсететін күн. Өйткені ол – біздің елдігіміздің, тәуелсіздігіміздің тұғыры. Елтаңба авторы – Жандарбек Мәлібеков арнамызға сұхбат беріп, өз ойын ортаға салған болатын.
ЖАНДАРБЕК МӘЛІБЕКОВ, ҚР ЕЛТАҢБАСЫНЫҢ АВТОРЫ:
— Ең бірінші ойға түскені – шаңырақ. Киіз үй. Тек шаңырақтың өзі емес, шаңырағың биік болсын, керегең кең болсын, босағаң берік болсын деген үлкен ұғым. От ошақ болғаннан кейін біз өз алдынан тәуелсіз отау, тәуелсіз отан, тәуелсіз мемлекетке ие болдық.
Біздің елтаңбаның сапасы жақсы болуы керек, дүниежүзіндегі елтаңбалардың ішінде 194 мемлекет ішінде 8-орын алған.
Тудың ішінде біздің рухымыз тұрады, елтаңбамыздың ішінде елділігіміз тұрады, ел-жұрт екенімізді білдіреді. Сондықтан өздерің көріп отырған қазіргі заманда көптеген ел өзінің еркіндік үшін күресіп жатыр.
Құрметті халқым, 4 маусым Мемлекеттік рәміздер күні үлкен мейрам күні деп есептеймін. Сондықтан барлық қазақстандықты осы мейрам күнмен құттықтап қоюға рұқсат етініздер.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.