Жүргізуші: Оксана Петерс — https://www.instagram.com/oksana_peters_tv
АЖАЛ АЛАҢЫ
Мұнаралы краннан келген мұң. Алматыдағы құрылыс алаңында жаншылып өлген жұмысшының туыстары істі әділ тергеуді сұрайды.
ҚАУІПТІ БӨБЕКЖАЙ
Атыраудағы жеке бөбекжайлардың бірінде 7 айлық сәби шетінеді. Анасы бұл мекеменің жабылуын әрі басшылықтың қатаң жазаға тартылуын талап етіп отыр.
ДЕНСАУЛЫҚ КЕПІЛІ
Денсаулық сақтау саласында шешімін таппай тұрған қандай мәселе бар? Кем-кетіктің орны қалай толтырылмақ? Мәжілісте аудит қорытындысы талқыға салынды.
РӘМІЗГЕ ҚҰРМЕТ
Бүгін – Қазақстанның Мемлекеттік рәміздер күні. Осыған орай Президент мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты.
ҚАУЫН ПІСТІ
Шымкентте қауын пісіп, қалың қауым қуанып жатыр. Жетісай ауданының шаруалары жаңа піскен жемістің алғашқы өнімін алды.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.